Астанада 20 жастағы жігіт стоматологияда көз жұмды

Астана қаласының 20 жастағы тұрғыны стоматологиялық клиникада мерт болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Астана полиция департаменті өлімді растады.
"Астана полиция департаменті қаладағы стоматологиялық клиникалардың бірінде 20 жастағы Астана тұрғынының өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу шаралары басталды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады", – делінген департаменттің мәлімдемесінде.
ОқыңызБұған дейін әлеуметтік желілерде жас жігіттің Астанадағы стоматологиялық клиникада қаза болғаны туралы хабарламалар тараған.
"Тіс дәрігері дәріні аллергиялық тестсіз енгізген. Инъекциядан кейін М құрысып, жағдайы тез нашарлаған. Осыған қарамастан, оған екінші инъекция жасалған. Кейін М қаза болған. Сондай-ақ инъекцияны тәжірибеден өтуші дәрігер аллергиялық тестсіз енгізгені және тіс дәрігері жағдайды дұрыс бақыламағаны туралы хабарланды. 1993 жылы туған медбике де қатысқан", – делінген хабарламада.
Алматы облысында туғанына 5 күн болған сәби көз жұмды: Туыстары дәрігерлерді нәрестені жерге құлатып алды деп айыптады
Толғағы жедел келген әйелді зембілмен емес мүгедектер арбасымен тасыған кезде сәби кенет дүниеге келген
"Ұятпен қорғалған қатыгездік": 10 жыл бұрын топтық зорлық құрбаны болған Жібек әділдікке қалай қол жеткізді
Сот төрт айыпталушыны кінәлі деп таныды