Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Екі аптада жағдай түзелмесе, кадрлық өзгерістер орын алады": Президент үкіметті отставкаға жіберем деп қорқытты

Қазақстан президенті коронавирусқа қарсы күрес жағдайы жақсармаса, үкіметте кадрлық өзгерістер болуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы мемлекет басшысы үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді.

"Қазақстан Президенті: Бұл мәселеге қатысты Үкімет тарапынан да өрескел қателіктер жіберілді. Мұны ашық айту керек. Дағдарыс кезінде цифрландыру қызметінің де рөлі мүлде байқалған жоқ. Цифрлық комиссарлар қандай жұмыс бітіріп жатыр?" -  деді президент. 

Бұған қоса ол денсаулық сақтау министрлігінен де қателіктер кеткенін атап өтті.

"Келесі маңызды міндет–толыққанды медициналық көмек көрсету және аса қажетті дәрі-дәрмектерді қолжетімді ету. Денсаулық сақтау министрлігі басқару ісінде бірқатар өрескел қателіктер жіберді. Әкімдердің көпшілігі жұмысын тиісті деңгейде атқарған жоқ.Үкімет те бақыламады", - деді президент.

"Ағымдағы ахуал екі аптадан кейін түзеледі деп үміттенемін. Олай болмаса, үкіметтің осы құрамдағы жұмысы туралы мәселе туындайды", - деді Тоқаев.

Талқылау