Еліміздегі барлық мектепте қоңырау орнына күй ойнау ұсынылды
Мектептерде дәстүрлі қоңырауды ұлттық әуен – күйге ауыстыру ұсынылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы білім министрлігінің аппараттық кеңесі барысында Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Ғани Бейсембаев мәлімдеді.
"Мамандардан дәстүрлі қоңырауды күйлерге ауыстыру туралы ұсыныс түсті. Сабақтың соңында шертпе күй, үзіліс соңында төкпе күй ойнатуды ұсынамыз. Ғалымдар домбыраның дыбысы баланың психикасына жағымды әсер ететінін, ал қатты қоңырау, керісінше, балаларға жағымсыз әсер ететінін атап өтті", – деді Ұлттық академия басшысы.
Айта кетейік, Қазақстанның бірқатар мектептерінде жүйе енгізілген. Дәстүрлі қоңыраудың орнына мектептерде күй ойнайды. Мамандардың пікірінше, бұл тек есту арқылы ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның ұлттық дәстүрлері шеңберіндегі тәрбиеге де жағымды әсер етеді.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі