Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақстанда барлық ақша аударымдарына салық салынады": Ақпарат жалған болып шықты

Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғалардың жеке аударымдарына салық салынбайтынын атап өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жақында банктік мобильді қосымшалар арқылы барлық ақша аударымдарына салық салынады деген хабарламалар қазақстандықтардың алаңдаушылығын тудырды. Осындай мәлімдеме жасаған танымал RasTime YouTube арнасының жүргізушісі ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың сөзіне сүйенгенін айтады. Министр бұған дейін жеке тұлғалар арналған ақша аударымдарына салық салу жүйесін әзірлеуге шақырған еді.

"Салық аударым сомасы мен мақсатына қарамастан алынады", - деді ролик авторы.

Алайда қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті ақпаратты жоққа шығарды.

Ведомство трансферттер мен төлемдерді бөлу және фискалдау бойынша бірқатар шешімдер әзірлеп жатыр. Бұл кәсіпкерлердің жеке аударымдары мен кәсіпкерлік трансферттерін ажыратуға мүмкіндік береді. Бұл жаңашылдық бизнес өкілдеріне ғана қатысты. Жеке тұлғалардың жеке аударымдарына әсер етпейді, салық салынбайды.

"Мобильді қосымшалар арқылы жедел аударымдардың арқасында қолма-қол ақша айналымының көп бөлігі қолма-қолсыз ортаға көшті. Алайда, бұл қызмет жеке тұлғалар арасындағы жеке аударымдар үшін жасалған және кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға арналмаған.

Бүгінгі күні мобильді аударымдарды  тауарлар, жұмыстар мен қызметтер үшін төлем қабылдау кезінде кәсіпкерлер кеңінен қолданады. Бизнес өкілдерінің кейбірі бұл қызмет арқылы нақты айналымдарын жасырады.  Микро-шағын бизнесті үш жыл бойы табыс салығынан босатқанына қарамастан мұндай заңсыз әрекеттер жиі кездеседі", - деп атап өтті ведомствода.

Кәсіпкерлік қызметтегі аударымдар мен төлемдерді қабылдау үшін комитет бизнеске бөлек шоттар пайдалануды ұсынады.

"Сондай-ақ, біз кәсіпкерлік қызметке арналмаған шоттарды пайдаланып табыс алу белгілерін анықтайтын, тәуекелдерді басқару жүйесін іске қосуды ұсынамыз. Мысалы, бір адамның күн сайын бірнеше адамнан аударымдарды ұзақ уақыт бойы алуы  кәсіпкерлік қызметтің белгілері ретінде  танылуы мүмкін", - деді мемлекеттік кірістер комитетінде.

 

Талқылау