Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде жаппай дактилоскопия үрдісі тағы да кейінге қалдырылды: Қазақстандықтар саусақ іздерін қашан тапсырады

ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қазақстандағы азаматтарды дактилоскопиялық тіркеу 2023 жылға ауыстырылатынын мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

дактилоскомпия

"Мемлекет басшысы учаскелік инспектордың мәртебесін көтеруді тапсырды. Біріншіден, учаскелік инспектордың өкілеті артып, инспектордың көмекшісі қызметі енгізіледі. Екіншіден, заң жобасы қаржыландырудың болмауына байланысты саусақ іздерін тіркеу мерзімін 2023 жылдың 1 қаңтарына ауыстыруды ұйғарды. Үшіншіден, экономикалық тергеу қызметіне жоғары басшы лауазымын енгізілді", - деді Тұрғымбаев. 

Министр азаматтардың саусақ іздерін тіркеу жүйесін 2021 жылдың басында енгізу жоспарланғанын, бірақ қаржы тапшылығына байланысты 2023 жылдың 1 қаңтарына ауыстырылғанын еске салды

"2021 жылы бұған 26 миллиард теңге бөлінуі керек еді, десек те бүгінгі таңда үш мемлекеттік органға жіберілетін 11 миллиард теңге ғана бөлінген. Өкінішке орай, біз техникалық интеграция мәселесін шешкен жоқпыз. Пандемияға байланысты біздің ведомстводан 15 млрд теңге денсаулық сақтау министрлігіне  аударылды. Сондықтан іске асыру мерзімін 2023 жылға ауыстыруды сұраймыз ", - деді ол. 

 

Талқылау