Динара Щеглова ғылым және жоғары білім вице-министрі болып тағайындалды
Үкімет қаулысымен Динара Щеглова ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ол Камиль Ақатовтың орнына келді.
Динара Щеглова 1982 жылы Семей қаласында дүниеге келген.
2004-2006 жылдары ақпараттандыру және байланыс агенттігі ақпараттандыру департаментінің ақпараттандыруды басқару бөлімінің бас маманы болды.
Осы жылдар ішінде ол коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді.
- 2011-2018 жж – "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" АҚ бас менеджері, департамент директоры, басқарушы директор, төрағаның кеңесшісі, басқарма төрағасының орынбасары;
- 2018-2019 – Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі;
- 2019-2020 – Премьер-министр кеңесшісі;
- 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады
"АҚШ-та үлкен мейрамханаларды жалға аламыз": Шетелдегі қазақтар Наурыз мерекесін қалай тойлайды?
Наурыз қай жерде жүрсе де адамдарды біріктіретін, мәдени бірегейліктің маңызды символы