Елімізде ұстаздар күні енді ресми түрде 5 қазан күні атап өтіледі
Қазақстанда ұстаздар күні ресми түрде 5 қазанда атап өтіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алғаш рет ұстаздар күнін тойлау 5 қазанда деп бекітілді. Себебі бұл күні дүниежүзілік мұғалімдер күні атап өтіледі.
"Елордада Республикалық педагогтер съезі өтеді. Оған еліміздің барлық өңірлерінен 700-ге жуық мұғалім қатысады. Алаңдарда педагогтер озық халықаралық тәжірибелерімен бөлісе алады", – делінген хабарламада.
Қазақстанда мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім берудің 500 мыңға жуық педагогы жұмыс істейді.
"Төрт жыл ішінде педагогтардың жалақысы екі есеге өсті. 220 мыңға жуық мұғалім санат үшін 50%-ға дейін үстемеақы алады. Өндірістен тартылған техникалық және кәсіптік білім беру педагогтері жалақыға 35%-ға дейін қосымша ақы алады. Биыл қыркүйек айынан бастап 97 мың тәрбиешінің жалақысы тағы 30%-ға өсті", – деп толықтырды оқу-ағарту министрлігі.