Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Елімізде Торғай облысы құрыла ма? - Қостанай облысының әкімі жауап берді

Елімізде Торғай облысы құрыла ма? Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов жаңа аймақтың құрылуына қажетті шарттарды атады. 


Ол мұндай шешімді тек президент қабылдай алатынын айтты. Сондай-ақ мәселе өзекті бола түсуі үшін аймақ әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан дамуы керектігін атап өтті. 

"Біз Арқалықты дамыту бойынша кешенді жоспар құрмақпыз. Ақша үш жерден бөлінеді. Үкіметке кешенді жоспарды таныстырып, жұмыс істейміз.  Облысты бөлу бойынша тұрғындар пікір білдіре алады, біз жалпы қолдаймыз. Бірақ шешімді жергілікті органдар шығармайды. 2028 жылға дейін кешенді жоспар жасалады", –  деді әкім ОКҚ-де өткен брифинг кезінде. 

Әкімнің айтуынша, Торғай облысы құрылу үшін жергілікті халықтың саны артуы керек. Әкім бұрындары мұнда 400 мыңнан аса адам тұрса, бүгінде тек 100 мың азамат қалғанын атап өтті. Жаңа облыстың құрылуына бірінші кедергі де осы, дейді әкім. 

"Қазір біз аймақтағы тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін, халық басқа жаққа кетпеу үшін белсенді түрде үйлер салып, жұмыс орындарын ашуымыз керек. Бізге адам капиталы керек. Сол кезде Қостанай облысын бөлу туралы мәселені көтеруге болады деп ойлаймын", – деді облыс әкімі.

Назгүл Әбушәріпқызы
Сәрсенбі, 22 Маусым, 2022 16:44
Талқылау