Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде оқушыларға интернетке кіруге заңмен шектеу қойылуы мүмкін

Бүгін Мәжілісте балаларды қорғау туралы құжатты талқылаған депутаттар ұл-қыздарды осылайша сананы улайтын сайттар мен әлеуметтік желілерден біржола аластатпақшы. Бұл туралы КТК хабарлайды.

Безымянный

Яғни, жасөспірімдерге әлеуметтік желіге, порнографиялық сайттарға кіруге тыйым салынуы мүмкін. Ол үшін ұялы байланыс операторлары оқушыларға арналған интернет пакетін шығарғалы жатыр екен.

Бірақ компьютер клубтары барын ескерсек, жеткіншектер шектеуді айналып өтері сөзсіз. Оның үстіне интернетті бақылау мүмкін еместігін шенеуніктердің өздері де мойындап отыр. Алайда, халық қалаулылары бір жолын табуды сұрап ұл-қыздарға психиканы бұзатын атыс-шабыс ойындарды да ойнатпау керек дейді.

“Тосқауыл қоймай болмайды. Өйткені, whatsapp немесе басқа желіде болып жатқан дүниені баланың психикасы көтермейді. Оны тыңдап көрген соң баланың агрессиясы көтеріліп, әртүрлі экстремистік, террористік немесе баланың рухани болмысын астаң кестең ететін ақпараттан қорғауымыз керек”, – деді депутат Бекболат Тілеухан.

Бұған дейін депутаттар танымал ойындардағы жезөкшелердің пайда болуына қатысты да алаңдаушылық танытқан еді.

Оқи отырыңыз:

Бұрынғы білім вице-министріне қатысты сот үкімі шықты

Атыраудан шыққан фотомодель фермерлікпен айналысуда

Қызының алқызыл түске әуестігін байқаған фотограф түстер сырын зерттеп көрді

ОҚО тұрғыны 23 жылдан соң тапқан немересін жақын досының қызына үйлендірді

Талқылау