Елімізде мемлекеттік тілді білмейтіндерге Қазақстан азаматтығын бермеуді көздейтін заң жобасы қабылданады
Ел заңнамасына мемлекеттік тілді білмейтіндерді азаматтыққа қабылдаудан бас тартуды көздейтін түзету әзірленді. Бұл туралы ҚР премьер-министрі Әлихан Смайыловтың Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазіргі уақытта "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Заңға мемлекеттік тілді, тарих пен ұлттық заңнаманың негіздерін білмеуді азаматтыққа қабылдаудан және қалпына келтіруден бас тарту үшін қосымша негіз ретінде көздейтін, сондай-ақ қос азаматтығы фактілерінің алдын алуға бағытталған түзетулер әзірленді", – делінген Смайыловтың мәлімдемесінде.
- Екі ел азаматтығын қатар алып жүрген италиялық әйел Қазақстаннан шығарылды
- "Олар бәріне келісуде": Қазақстанға келген ресейліктер жұмысқа қалай орналасуда
Премьер-министрдің айтуынша, аталған заңнамалық түзетулер парламент депутаттары бастама жасаған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бойынша парламент депутаттарының түзетулеріне, үкімет қорытындысының жобасына енгізілді.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған