Елімізде қосалқы бөлшек ретінде әкелінген автокөліктерді заңдастыру құжатына келесі аптада қол қойылады
Елімізде қосалқы бөлшектер ретінде әкелінген автокөліктерді заңдастыру жобасы Үкіметтің қарауына енгізіліп, оған келесі аптада қол қойылады деп күтілуде деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ақпарат Polisia.kz сайтында жазылды. Дерекке сүйенсек, жақын күндері елдегі автоконструкторларды тіркеуге алу толықтай заңдастырылмақ.
“Үкімет қаулысына қол қойылғаннан кейін бірінші ресми жарияланған күнінен бастап 10 күн өткен соң ол қолданысқа енгізіледі. Содан кейін біз автоконструкторларды тіркеуге алуға кірісеміз”, – дейді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.
Сонымен қатар Қайсар Сұлтанбаев 23 қаңтардан бері 200 мыңға жуық автокөлік заңдастыруға мақұлданғанын, әрі оның ішінде 100 мыңнан астам көлік құралы толықтай қазақастандық тіркеу нөмірін алғанына да тоқталған.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасының көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"