Қазақстанда 777, 001, 003 нөмірлерінің бағасы қанша екені белгілі болды
Елімізде көлік нөміріне арналған мемлекеттік баж салығы өсті. Салық сомасы 1 миллион теңгеге дейін жеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Деректерге сай, биылдан бастап қарапайым нөмірлердің бағасы 10 337 теңге болады. Ал 010, 020, 030, 040, 077, 707 секілді арнайы номерлердің ең арзаны 210 444 теңгеден басталады.
Біркелкі сан мен біркелкі әріптен тұратын нөмірлердің құны екі есеге, яғни 420 888 теңгеге қымбаттаған. Ал 100, 111, 200, 222, 300, 333 секілді VIP нөмірлер үшін 505 804 теңге салық төлеуге тура келеді. Егер осы сандарды бірдей әріппен алғыңыз келсе бұл 716 248 теңге тұрады.
Еліміздегі ең қымбат нөмірлерге 001, 002, 003, 777 жатады. Мұндай нөмірлер 1 052 220 теңге тұрады.
Бүгінде көліктің мемлекеттік нөмірлерін онлайн рәсімдеуге болады.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Кәсіпкерлер Қаржы министрлігінің "таза парағына" наразылық білдірді: Компанияларға айыппұлдарды кешіруге рұқсат берілмеді
Кәсіпкерлер жаңа талаптарға байланысты наразылық білдіріп жатыр