Елімізде қай аймақтарда жылыту жүйесі қосыла бастағаны белгілі болды
Энергетика министрлігі Қазақстанның бірқатар өңірлерінде жылыту кезеңі басталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бірінші кезекте әлеуметтік нысандар жылытуға қосылады. 2 қазанда жылыту маусымы Астана, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында басталды.
Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында 24 әлеуметтік нысанның 23-і яғни 96%-ы қосылған. Тұрғын үйлерге ыстық су берілді. Павлодар облысының Екібастұз қаласы бойынша 90 әлеуметтік нысанның 26-сы немесе 28,8%-ы қосылған. Астана қаласында 240 әлеуметтік нысанның 86-сы немесе 35,8 %-ы қосылған.
"3 қазанда Алматы облысында, 10 қазанда Ұлытау облысында, 15 қазанда Алматы, Абай облысында, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында жылыту жүйесі қосылады деп күтілуде", – делінген хабарламада.
Жылыту маусымын Шымкентте 20 қазанда, Түркістан облысында 25 қазанда бастау жоспарлануда.