Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бір адамның басында 20 қарыз бар": Мәжіліс төрағасы қазақстандықтардың қанша несиесі барын айтты

Елімізде микроқаржы ұйымдарында бір адамның басында 20 қарыз бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың айтуынша, қазір халық “несие қамытын” киіп отыр.

"Адамдар ойланбастан несие ала бастады. Кейде мүлдем қажет емес нәрселер үшін де алады. Бір адамның басында екі немесе одан да көп несиенің болуы қалыпты нәрсеге айналды. Бір адамның микроқаржы ұйымдарына 20 қарызы болған жағдайлар бар", – деді депутат.

Оның айтуынша, несие құлдығынан шығу үшін қайта-қайта қарыз алады. Олар бұрынғы несиесін жабу үшін жаңасын алуға мәжбүр.

"Қазіргі уақытта халықтың 84 пайызында, яғни 8,4 миллионнан астам адамның қарызы бар екен. Соңғы бір жарым жыл ішінде бұл көрсеткіш 27 пайызға өскен. 90 күннен кешіктірілген қарыз көлемі –шамамен 1,4 трлн теңге. 1,7 миллион адам қарызын уақытылы төлей алмай отыр. Осыдан-ақ несие проблемасының қаншалықты асқынып кеткенін көре аламыз", – деді мәжіліс басшысы.

Қошанов, сонымен қатар, төлеуге шамасы келмейтін қазақстандықтарға кредит беруге тыйым салуды ұсынды.

Талқылау