Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде GetСontact қосымшасына тыйым салынды

Қазақстанда GetСontact мобильді қосымшасына тыйым салынды. Министрлік қосымшаның Қазақстанның “Персоналды мәліметтер мен оларды қорғау туралы” Заңына қайшы келетінін мәлімдеді.

Бұл туралы ақпарат және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

«Сараптама жүргізу барысында қосымшаның «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» заңнамаға қайшы тұстары анықталды. Сол себепті, Қазақстан Республикасы аумағында мобильдік қосымшаға шектеу қойылды», – деп хабарланды министрліктен.

Желідегі деректерге сүйенсек, GetContact қосымшасы белгісіз номерлерді іздеу жұмысын атқарады. Аталған қосымша барлық қолданушылардың мәліметтерін жинап алады. Мәселен, қолданушы GetContact арқылы өзіне керекті номерді іздегісі келсе, қосымша автоматты түрде оның да жеке мәліметтерін сақтап алады. Бұл туралы қолданушыға ескертпейді. Сондықтан да аталған қосымша адамдардың жеке басына қолсұғушы ретінде танылды.

Жіберіп алмаңыз

Қайта осындай әйел тапқаныма бақыттымын: Кемпірге үйленді деп желіде шу болған күйеужігіт шындығын айтты

Жасөспірімдерді өлімге итермелейтін қауіпті тапсырмалар Қазақстаннан жіберіледі

Астанада қыз-келіншектерге еркектің көңілін аулауды үйрететін тағы бір мектеп ашылды

Талқылау