Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде ерте жүктілік саны артқан - Денсаулық сақтау министрлігі

Ақпараттық базаның деректері бойынша 2022 жылы 15-17 жастағы жасөспірімдер арасындағы жүктілік тиісті халықтың 1000-ға шаққанда 6,0-дан келеді, бұл 2021 жылдан 13%-ға артық. Денсаулық сақтау министрлігі ерте жүктіліктің қауіптілігін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

жүктілік

ДДҰ мәліметтері бойынша, әлемде 15-19 жас аралығындағы 16 миллионға жуық қыз босанған, бұл әлемдегі барлық босанулардың 11%-на тең. Мұндай жағдайлардың 95%-ы халықтың табысы төмен және орташа мемлекеттерде анықталады. Статистикаға сәйкес, қыздардағы жүктіліктің 30%- ы жасанды түсіктен, 14%-ы түсіріп алғаннан тоқтайды, ал 56%-ы босанады. Кәмелетке толмаған қыздардың үштен екісі некесіз босанады. Олардың 72%-ы мектепте оқиды.

Айтуынша, ерте жүктілік 10-15 жылдағы демографиялық процестерге тікелей әсер етеді. 

Ерте жүктілік жасөспірім үшін ғана емес, оның сәбиі үшін де қауіпті. 20 жасқа дейінгі жаста жүкті болғандардың баланы өлі туу қаупі басқаларға қарағанда 50%-ға жоғары.

“Контрацепция әдістерін қолдана отырып, қажетсіз жүктіліктің алдын алған жөн, бірақ жүктілікті тоқтату қажет болса, мұны тек медициналық мекемелерде дәрігердің бақылауымен заманауи қауіпсіз технологияларды қолдана отырып жасау керек. Өздігіңізбен дәрі-дәрмектерді ішіп, түсік жасауға болмайды. Бұл болашақта қабыну ауруларына, бедеулікке және кейде өлімге әкелуі мүмкін”, – деді дәрігерлер.

Талқылау