Елімізде енді журналистер министрлерге тосыннан сұрақ қоя алмайды
Үкіметінің баспасөз хатшысы Қанат Күлшманов журналистер енді брифингтен кейін министрлерге тосын сұрақ қоя алмайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Үкіметінің баспасөз хатшысы Қанат Күлшмановтың айтуынша, енді министрлер брифингті онлайн форматта өткізеді.
"Үкімет отырысы онлайн форматта өтеді. Министрлер баяндамасын оқиды да, отырыс аяқталғаннан кейін онлайн брифингтерде барлық сұрақтарыңызға жауап береді. Қоғаммен, журналистермен қарым-қатынасты қамтамасыз ету мақсатында үкіметтің барлық мүшелері өз алаңдарында брифингтер өткізеді", – деді баспасөз хатшысы.
Баспасөз қызметінің басшысы бұл тиімділікті, жеделдікті және бюрократияның алдын алатынын және жолға уақыт жұмсаудың қажеті жоқ екенін айтты.
Талқылау
"Бағасы Еуропадан 10 есе төмен": Қазақстанға БАӘ, Ұлыбритания, Германиядан шетелдіктер медициналық көмек алуға келеді
Көптеген шетелдіктер кардиохирургия, онкология, стоматология мен чек-аптан өту үшін Қазақстанға келеді
"Жастар практикасы" арқылы жұмыс таптым": Қазақстандық колледж түлегі кілем фабрикасында еңбек жолын қалай бастағанын айтып берді
Бағдарламаға қатысушылардың басым бөлігі қыздар екен