Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде ең ұзақ есімімен танымал Ақпантоқпантұрарқожа сотталғалы жатыр

Елімізде ең ұзақ Ақпантоқпантұрарқожа есімімен танымал азамат сотталып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Түркістан қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, Ақпантоқпантұрарқожаға қатысты қылмыстық іс сотқа 12 ақпан күні түскен.

«Ақпантоқпантұрарқожа Жәнібеков Қылмыстық кодекстің  «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» және  «Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу» бойынша айыпталуда. Оның ісін судья Арысбай Тілегенов қарауда. Бүгін сотта алғашқы сот тыңдауы өтті», делінген баспасөз қызметінің мәліметінде.

Яғни, ол қалалық емхананың механигі қызметін атқарып жүріп, өткен жылдың маусым айында сеніп тапсырылған мүлікті аса ірі көлемде талан-таражға салған деп айыпталуда. Емханаға бөлінген 1 млн 200 мың теңгенің жанар-жағармайын мақсатсыз жұмсап жіберген. Сөйтіп, қылмысын жасыру үшін жалған құжаттар дайындапты.

Естеріңізге сала кетейік, Ақпантоқпантұрарқожа Жәнібеков 2013 жылы өзінің ең ұзақ есімімен танымал болған еді. Оның жеке күәлігінің суреті әлеуметтік желілерге тарап кеткені белгілі.

Тағы да оқыңыз:

Ақтөбе тұрғыны жын жайлаған үйден отбасымен бірге қалай қашып құтылғанын айтып берді

Жетімсің деп қорқытады: Алматы облысының оқушылары үш жылдан бері мұғалімнен көрген қорлығын жайып салды

МС Сайлаубекті сынақ кітабына енгізген автор жұрттан кешірім сұрады

Талқылау