Елімізде дін туралы заң қатаңдатыла ма – Ақпарат министрі жауап берді
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қазақстанда дін туралы заң қатаңдатыла ма деген сұраққа жауап берді.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының XXI отырысында журналистер Балаевадан дінге қатысты заң бастамасы кімнің инициативасымен көтерілгенін сұрады.
"Депутаттардың ресми өтініші жолданды. Діни саясат саласындағы үйлестіруші мемлекеттік орган ретінде оларды қарауға міндеттіміз. Әрине, осыған байланысты барлық діни бірлестіктерге қатыстызаңнамалық нормаларды зерттеп жатырмыз. Бұл жерде қоғаммен диалог маңызды. Біз қоғамды поляризацияламауымыз керек. Әрине, бұл заңнамалық деңгейге де қатысты", – деді Аида Балаева.
Министр дін туралы заңды қашан қайта қарайтынын айтты
"Алдымен сарапшылармен, сол депутаттармен талқылау болады. Біз қоғамның келісімінсіз ешқандай шара қолдана алмаймыз", – деді министр.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"