Елімізде COVID-19 бойынша жаңартылған статистиканың алғашқы нәтижелері жарияланды
Қазақстан Республикасында COVID-19 бойынша жаңартылған статистиканың алғашқы нәтижелері туралы ақпарат шықты.
COVID–19 және пневмония жағдайлары бойынша деректердің барынша ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі 18 шілдеден бастап статистикалық деректерді есепке алу мен қалыптастырудың жаңа тәсілдерін айқындады.
ДДСҰ-ның Еуропалық аймақтық Бюросымен бірқатар техникалық консультациялардан кейін аурулардың халықаралық жіктемесінің жаңа кодтары бойынша COVID-19 жағдайларын кодтауға және есепке алуға көшу туралы шешім қабылданды. 2020 жылдың 1 тамызынан бастап COVID-19 зертханалық расталған жағдайлары коронавирус инфекциясының клиникалық және эпидемиологиялық белгілері бар ПТР тесттің теріс нәтижесі, пневмония жағдайлары ескеріледі.
Кронавирус инфекциясы және пневмонияны есепке алудың өзгертілген тәсілдері аурудың дұрыс болжамдарын жасауға, қажетті ресурстарды: медициналық кадрларды, төсек-орындарын, медициналық жабдықтарды, дәрілік заттарды барабар жоспарлауға, сондай-ақ статистиканың ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл біздің мемлекетіміздің коронавирустық пандемияға бірлесіп қарсы тұруға және оның салдарын халықаралық қауымдастықпен тығыз байланыста зерттеуге дайын екендігінің ашық саясатын көрсетеді.
Қазақстан Республиканың денсаулық сақтау министрлігі коронавирустық инфекция бойынша статистикалық деректердің дұрыстығын қамтамасыз ету үшін кодтау алгоритмі мен ақпараттық жүйелерге деректерді енгізу жөніндегі нұсқаулықты әзірледі, АХЖ-10 жіктемесінде COVID-19 кодтарын тағайындауға қатысты медицина қызметкерлерін оқытты.
Осылайша, 1 жылдың 2020 тамызындағы жағдай бойынша, COVID-19 зертханалық расталған жағдайлардың саны - 1226, соңғы бір тәулікте 36 адам қайтыс болды. Анықталмаған этиологиясы бар, бірақ коронавирустық инфекцияның клиникалық және эпидемиологиялық белгілері табылған пневмониямен ауырғандар саны – 5181. Өткен тәулікте пневмония диагнозымен 30 өлім жағдайы тіркелді.