Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде әйелдер вагонына сұраныс 2 есе артты

Жыл басынан бері 70 мыңға жуық жолаушы әйелдер вагонының қызметін пайдаланған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҚТЖ баспасөз қызметі

Қызмет енгізілген сәттен бастап (2021 жылдың басынан бастап) 359 мыңнан астам әйел сапарын неғұрлым ыңғайлы әрі қауіпсіз ету үшін "әйелдер вагондарында" жол жүруді таңдаған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есе өскен.

Қазір "әйелдер вагоны" 8 жолаушылар пойызы құрамында бар:

-№77/78 "Алматы-Маңғыстау" №07 купе вагоны;

-№351/352 "Алматы-Өскемен" №10 купе вагоны.

-№45/46 "Павлодар-Түркістан" №09 купе вагоны;

-№37/38 "Маңғыстау-Семей" №06 купе вагоны;

-№47/48 "Атырау-Астана" №06 купе вагоны;

-№33/34 "Ақтөбе-Алматы-1" №06 купе вагоны;

-№4/3 "Астана-Алматы-2" №17 купе вагоны;

-№71/72 "Астана-Шымкент" №10 купе вагоны.

Айта кетейік, бұл вагондарға билеттер тек әйелдерге сатылады және әйел жолсеріктер жұмыс істейді. Сонымен қатар "әйелдерге арналған вагонда" жеті жасқа дейінгі ер жолаушылардың жүруіне рұқсат етілген.



Бүгінде "әйелдерге арналған вагон" жобасын одан әрі дамыту бойынша әлеуметтік сауалнама жүргізіліп жатыр. Сауалнама нәтижесі жолаушылардың қажеті мен қалауларын байқауға, жұрттың өзекті сұраныстары мен талаптарын ескере отырып, "әйелдер вагоны" жобасының даму стратегиясын анықтауға көмектеседі.

Еске салайық, әйелдерге қарсы жасалған қорлау және зорлық-зомбылық әрекеттерінен кейін 2021 жылы арнайы әйелдерге арналған вагондар ашылған еді. 2018 жылы "Тұлпар-Тальго" пойызында жолсерік болып жұмыс істеген екі ер адам жолаушыны зорлаған еді. Азаматтар бес жылға бас бостандығынан айырылды. Белсенділердің айтуынша, жаза өте жеңіл болған.

Талқылау