Елімізде автокөлікті міндетті сақтандыру бағасы кей өңірде көтеріліп, кей аймақта өзгеріссіз қалады
Келесі жылы Қазақстанда автокөлікті міндетті сақтандырудың құны артып, кей өңірде керісінше, баға түсуі мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Stan.kz
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі сақтандыру жарнасын есептеудің жаңа коэффициентін дайындады. Қазір ол қоғам арасында талқыланып жатыр. Баға әр аймақтың коэффицент мөлшеріне байланысты өзгереді. Мысалы, Қызылордалықтар үшін көлікті сақтандыру айтарлықтай қымбатқа түседі. Сондай-ақ баға Жамбыл мен Түркістан облыстарында өсуі ықтимал. Ал Атырау, Солтүстік Қазақстан өңірлері мен Алматы қаласында сақтандыру құны өзгеріссіз қалады.
- 2024 жылдан бастап көлікті сақтандыру құны тіркелген аймаққа байланысты болады
Бұған дейін автокөлікті міндетті сақтандыруға байланысты 7 миф туралы жазған едік.
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол тергеу жүргізілмегеніне шағымданды
Тұрғын: "Істің неге тиісті деңгейде жылжымай тұрғаны түсініксіз"
Астанада бес баланың анасы қатерлі ісігінің асқынуына дәрігерлерді кінәлады
Дәрігерлер жатыр мен аналық бездерді түгел алып тастамақ