Елімізде ақбөкен етін сату бағаға қалай әсер етеді – Ауыл шаруашылығы министрі жауап берді
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров еттің құнына қатысты сауалға жауап беріп, қазір баға тұрақты деңгейде екенін атап өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сенатта өткен үкіметтік сағаттан кейін ақбөкендер еттің бағасына қаншалықты әсер ететіні айтылды.
"Қазір елімізде ет бағасы тұрақты деңгейде, яғни 2,5 мың теңгеден аспайды. Осы бағадан аспайды деп ойлаймыз. Өйткені бізде малды сыртқа шығаруға шектеу қойылған. Ақбөкен еті комбинаттары арқылы қосымша сатылады. Мұның да өзіндік әсері бар", – деді министр.
Алайда сиыр еті 3500 теңгеден басталады.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған