Елімізде 4,5 жылда 900-ге жуық адам тұрмыстық зорлық-зомбылықтан көз жұмды
Соңғы 4,5 жылда Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 869 адам көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сол уақыт аралығында денсаулыққа ауыр зиян келтірудің 2086 фактісі тіркелген.
“Отбасыларға жан-жақты көмек көрсету үшін өңірлерде 68 қолдау орталығы жұмыс істейді, оның 19-ы уақытша баспанамен қамтамасыз етеді. Бұл тәжірибе 2019 жылдан бері бар. Жәрдемге мұқтаж азаматтарға "Бір терезе" қағидаты бойынша көмек көрсетілуде", – деді министр.
Балаева 16 қазаннан бастап Қазақстанда отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша "111-AMANAT" бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығы іске қосылғанын атап өтті. Айтуынша, сол арқылы жедел режимде құқықтық, психологиялық және консультациялық көмек көрсетіледі.
Бұған дейін мәжіліс депутаты Жарқынбек Амантай зардап шеккен әйелді ер адаммен бірге 15 күнге жабуды талап еткен еді.
Талқылау

"Декретке миллионмен" дауы: Курстың негізін қалаған депутат Дәулет Мұқаевқа тексеріс жүргізіле ме?
Депутат Дәулет Мұқаев курстағы негізгі ойды түсіндіре келе, әйелдерді заңды жолды ұстануға шақырды

Енді "Отбасы Банк" монополиясы болмайды: Ипотекалық несиелендіру реформасынан қандай жақсы өзгерістер күтеміз
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”