Елімізде 15 жастан асқан балалар жалғыз өзі пойызбен сапарға шыға алады
"Жолаушылар тасымалының" өкілдері балалар үшін пойызға билет алу және отыру тәртібін түсіндірді. Компания 15 жастан асқан балалар жалғыз өзі пойызбен сапарға шыға алатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

15 жастан асқан бала өзі сапарға аттануы үшін ата-анасының рұқсаты туралы нотариалды куәландырылған сенімхат болуы керек.
Жеткіншектерге билет ересек адамдармен бірдей бағада алынады. Ал 15 жасқа толмаған ұл-қыздар пойызға тек ересектермен бірге міне алады.
7 жасқа дейінгі балалар үшін пойызға міну ақысы тегін, алайда оған бөлек орын қарастырылмайды. Ал 7-15 жастағы жасөспірімдер билетіне жеңілдіктер бар. Олар билеттің жарты бағасын төлейді.
Сондай-ақ бір топ баланы пойызбен тасымалдаудың да өз ережесі бекітілген. Топтағы әр он балаға бір ересек адам жауапты болуы керек. Олардың жанында бір медицина қызметкері болуы шарт.
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді
Алексей: "Cirque du Soleil-ге өтінім жіберіп, жауабын 4 жыл күттік"
"Түрлі тағам пісіремін, өкшелі аяқкиім киіп, саяхаттаймын": Желіде боянғанын көрсеткен 90 жастағы қазақстандық әже жұртты сүйсіндірді
Күнсара әже: "10-15 күн сайын моншаға барып, көп кітап оқып, әдемі жүргенді ұнатамын”