Досаев Алматы әкімі қызметіндегі жұмысын қорытындылады

Фото: primeminister.kz
Алматының экс-әкімі Ербола Досаеы өзіне сенім артқан мемлекет басшысы мен Алматы тұрғындарына алғыс айтып, жұмысын қорытындылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Ең алдымен, ел тарихындағы ең күрделі кезеңдердің бірінде өзімнің туған қалама қызмет етуге мүмкіндік берген мемлекет басшысына ризашылығымды білдіремін. Бұл мен үшін үлкен абырой ғана емес, зор жауапкершілік те болды. Маған артылған сенімді ақтауға тырыстым", – деді Досаев.
Досаевтың айтуынша, оның әкімдік қызметі барысында Алматының болашақ дамуын айқындайтын 20-дан астам стратегиялық құжат қабылданған. Олардың қатарында 2030 жылға дейінгі даму бағдарламасы, 2040 жылға дейінгі жаңа бас жоспар, қаланың көлік қаңқасының негізгі жоспары және басқа да маңызды құжаттар бар.
"Өткен үш жыл ішінде қаланың бүкіл инженерлік инфрақұрылымын терең жаңғырту басталды және әлі де жүргізіліп жатыр. 540 шақырым су құбыры мен кәріз желілері салынып, жаңартылды, 480 шақырымнан астам электр желілері жаңартылды, 75 шақырым жаңа жол салынып, 650 шақырым жол жөндеуден өтті. Президентіміздің туған қаласы Алматыны дамыту мен жаңғыртуға көңіл бөлуінің, алматылықтардың тұрақты ықыласы мен белсенді қолдауының арқасында біз бірге қаланың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына берік негіз қаладық", – деп атап өтті Досаев.
Сондай-ақ ол қала тұрғындарына азаматтық белсенділік көрсетіп, қаланың дамуы мен өсуі атсалысқан тұрғындарға үшін алғыс айтты.
"Соңғы үш жылдан астам уақыт менің өмірімде елеулі сын-қатерлер мен маңызды жетістіктер кезеңі болды. Бұл жетістіктер халықтың өмір сапасын жақсарту мен сапалы өзгерістерге жетудегі үлкен қадамдар болды. Мұндай нәтижелерге мемлекет басшысының тұрақты қолдауының, сіздердің — құрметті алматылықтар — қолдауларыңыздың және кәсіби әрі патриоттық команда жұмысының арқасында қол жеткіздік", – деді Досаев.
Сөзінің соңында бұрынғы әкім оңтүстік астананың болашағына сенетінін айтты.
"Мен Алматының заманауи әрі дамыған мегаполис, жоғары өмір сапасы мен жайлы қалалық ортасы бар қала ретінде жарқын болашағына шын жүректен сенемін", – деді Ерболат Досаев.
Бұған дейін Алматы әкімі боып Дархан Сатыбалды тағайындалған еді.