Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйелдің бөлшектелген денесі табылды
Екібастұзда әйелдің бөлшектенген денесі табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желіде тараған видеода әйелдің дене мүшелері бірнеше пакетке салынып, қоқыс жәшігіне тасталғаны айтылған.

Павлодар облыстық полиция департаменті кісі өлтіруге байланысты қылмыстық іс қозғалғанын растады.
"Полиция кісі өлтіруге байланысты қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Полиция оқиғаның мән-жайы мен себептері сотқа дейінгі тергеу барысында анықталатынын атап өтті. Қосымша ақпара Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланған жоқ.
Еске салсақ, Түркістан облысында ер адам анасын өлтірді деген күдікке ілінді.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар