Түркістан облысында ер адам анасын өлтірді деген күдікке ілінді
Түркістан облысының тұрғыны өз анасын өлтірді деген күдікке ілікті. Күдіктінің мүгедектігі бар екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қылмыс Түлкібас ауданында болды. Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, егде жастағы әйел үйінен пышақ жарақаттарымен табылды.
Оның 40 жастағы мүгедек ұлы күдікке ілінді. Қылмыстың себебі әлі белгісіз.
"Түлкібас ауданы тұрғынының өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды", – деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.
Тергеу жүргізіліп жатыр.
Еске салайық, 2025 жылдың қыркүйегінде Түркістан облысында ер адамның өз әкесін аяусыз қорлап, балағаттап, тіпті ұрып-соққан видеосы тараған еді.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар
