Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елге белгілі азаматтар жат ағымды насихаттап жүр – Ақпарат министрі (видео)

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі “Сұрауы бар” арнасына берген сұхбатында дін мәселесін қозғады. Оның сөзінше, дін хайптың құралына айналмай дұрыс насихатталуы керек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Дархан Қыдырәлі

Дархан Қыдырәлі дін тақырыбын білімі бар азаматтар қозғау керегін атап өтті. 

"Қазақта "дүмше молда дін бұзар" деп бекер айтпаған. Дін – өте нәзік мәселе. Мұны арнайы білімі бар азаматтар қозғауы керек. Бізде бұл салада жақсы пәтуа, қоғам өміріне пайдалы мәліметтерді мүфтияттың сайтынан, олар шығарған ақпарат көздерінен байқауға болады. Жақында суицид туралы және электронды темекі, құмар ойыны туралы пәтуа шығарды. Бірақ бұл бірде елге жетеді, бірде жетпейді”, – деді ол.

Дархан Қыдырәлінің айтуынша, елге белгілі азаматтардың дін тақырыбын хайпқа айналдырғысы келеді екен. 

“Біздің біздің жұлдыздарымыз, елге белгілі азаматтар бұл мәселенің тартымды тақырып екенін көріп, хайпқа айналдырғысы келетін шығар. Бірақ бұл қауіпті. Тіпті кейде есімдері елге белгілі, филология мен философияны білетін азамттар да өзге, жат ағымдарды насихаттап жатқанын көріп, қарнымыз ашады", – дейді министр. 

Талқылау