Елена Рыбакина WTA турындағы рекордын жаңартты
Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина өзінің рекордтық көрсеткішін жаңартты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина Майамидегі Мастерс турнирінің екінші раундында ресейлік Анна Калинскаяны жеңуінің арқасында Дүниежүзілік Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) деңгейінде жеңісті сериясын тоғыз ойынға жеткізді.
Қазақстанның үздік теннисшісі қатарынан тоғызыншы жеңісіне қол жеткізді. Бұл - оның мансабындағы WTA деңгейіндегі ең ұзақ жеңіліссіз сериясы.
Бұған дейін Елена Рыбакина турда екі рет жеті матч қатарынан жеңіске жетті.
4 жыл бұрын теннисші ITF сериясы бойынша турнирлерде өнер көрсетіп, қатарынан 11 кездесуде жеңіске жеткен.
Ол Майамидегі Мастерс турнирінде қарсыласы испандық Паула Бадосаны жеңсе, жеңісті сериясын бұдан әрі жақсарта алады. Ал әлемнің 29-ракеткасымен кездесу 25 наурызда өтеді.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған

