Елена Рыбакина WTA чемпиондық кестесінде екінші орынға шықты
Әлемнің төртінші, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA чемпиондық кестесінде екінші орынға көтерілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жақында ғана Испанияның Мадрид қаласында өткен WTA 1000 – Mutua Madrid Open турнирінің жартылай финалында жеңілген Рыбакина 3 583 ұпаймен WTA чемпиондық кестесінде екінші орынға шықты. Әлемнің 1-ракеткасы, польшалық Ига Швентек 4 335 ұпаймен көш басында тұрса, әлемнің 2-ракеткасы, белоруссиялық Арина Соболенко (3 278 ұпай) үшінші орынға жайғасқан.
Айта кетейік, Елена Рыбакина әлемде әйелдер арасында эйс жасаудан көш бастап келеді. Жыл басынан бері 35 ресми матчта Елена эйс санын 229-ға жеткізді.
"Ұлымды ұрды, заттарын жоғалтты": Алматылық ана ұлының "Жаңа Ұрпақ" лагерінде қорлық көргенін айтып берді
Лагерьден кейін ұлының психологиясына айтарлықтай әсер еткен
Алматы облысында әйел көлікпен үйдің ауласына кіріп кеткен: Жарақат алған тұрғын бір аяғынан айырылды
Салдарынан аулада әйелдің аяғын ампутацияламақ

