Елена Рыбакина Токиодағы турнирдің бастапқы сайысында ресейліктен жеңіліп қалды
Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Токиода өтіп жатқан турнирде алғашқы кездесуін өткізді. Елена қарсыласына басымдылық берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Әлемнің 22-ші ракеткасы және Уимблдон-2022 жеңімпазының қарсыласы WTA рейтингінде 30-орында тұрған Ресей өкілі Людмила Самсонова болды. Жарыстың 1/16 финалының кездесуі екі ойында Самсонованың жеңісімен 6:2, 6:4 ұпайларымен аяқталды. Матч 1 сағат 27 минутқа созылды.
Келесі айналымда Людмила қытайлық Синью Ванға (78) қарсы шықпақ.
Бұған дейін Словенияның Порторозо қаласында өткен турнирде 23 жастағы қазақстандық финалдық кездесуде чехиялық Катерина Синяковадан жеңіліс тапқан болатын.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды

