Елена Рыбакина Германияда өтетін WTA 500 турнирінде өнер көрсетеді
Әлемнің төртінші, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Германияда өтетін WTA 500 турнирінде өнер көрсетеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Елена Рыбакина Германияның Штутгарт қаласында өтетін WTA 500 турниріне қатысады. Қазақстанның бірінші ракеткасы жарысты екінші айналымнан бастайды. Ол екінші айналымда әлемнің 19-ракеткасы, ресейлік Вероника Кудерметова мен рейтингіде 24-орында тұрған чехиялық Барбора Крейчикова жұбының жеңімпазымен шығады. Қай-қайсысы болса да, отандасымыз үшін қауіпті қарсылас ретінде саналады. Былтыр Рыбакина Штутгартта екінші айналымнан аса алмаған еді.
Айта кетейік, ол кейінгі жарысын Майамидегі WTA 1000 турнирінде өткізіп, финалда күтпеген жерден жеңіліп қалған еді.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты

