Елена Рыбакина Дубайдағы турнирдің ширек финалына шықты
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Дубайда өтіп жатқан Dubai Duty Free Tennis турнирінің ширек финалына жолдама алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Олимпиада комитеті
Әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Дубайдағы WTA 1000 – Dubai Duty Free Tennis турниріндегі екінші жеңісіне қол жеткізді. Алғашқы айналымда Виктория Азаренконы жеңген отандасымыз үшінші айналымда поляк Магдалена Френхқа қарсы ойнады. Рыбакина алғашқы сетте 7:6 есебімен жеңсе, екінші сетте 3:6 есебімен ұтылып қалды. Дегенмен үшінші сетте 6:4 есебімен басым түсіп, ширек финалға шықты. Ол ширек финалда италиялық Ясмин Паолинимен ойнайды.
Елена Рыбакина Дохада өткен турнирдің финалында жеңіліп қалды
Айта кетейік, Рыбакина жал басынан бастап қатарынан үшінші турниріне қатысып жатыр. Ол Абу-Дабиде топ жарып, Дохада күмісті місе тұтқан еді.
Талқылау

Қазақстандық көпбалалы ана "Асар Уме" қайырымдылық қорын апатты үй берді деп айыптады
Екінші топ оқырмандар көпбалалы ананың қанағатсыздығын сынады

"70 күннен аса жүрдік": Қытайдан Астанаға атпен жолға шыққан жас жұбайлар көпшіліктің ықыласына бөленді
Бүгінде күллі қазақ жұрты оларды желіде бақылап, біразы алдынан күтіп, қонақ етіп жатыр