Елена Рыбакина әлеуметтік желіде жиі кибербуллингке ұшырайтын спортшылар қатарына қосылды
Әлемнің 4-ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлеуметтік желіде жиі жағымсыз пікір алатын спортшылардың қатарына қосылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

World Sports Network компаниясы теннисшілерге қатысты кибербуллинг мәселесіне зерттеу жүргізген. Нәтижесінде Рыбакина желіде жағымсыз пікір алатын спортшылар қатарында екінші орынға тұрақтады.
Беларусь спортшысы Арина Соболенко кибербуллингке ең көп ұшырайтын спортшы атанған (Twitter желісінде 15%, Facebook-те 5%). Ал екінші орында Елене Рыбакина (10% және 4%) мен франциялық спортшы Каролин Гарсии (10% мен 1%) тұр.
Сонымен қатар ерлер арасында әлеуметтік желіде кибербуллингке жиі ұшырайтын сербиялық Новак Джокович (Twitter-де 15% және Facebook-те 11%) екен.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі

