Елдос Сметов Тоқаевпен бірге Франция президентінің қабылдауында болды
Париж олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірге Францияға мемлекеттік сапары аясында арнайы шараларға қатысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Ақорда
Франция президентінің атынан ұйымдастырылған мемлекеттік қабылдауға Францияның үкімет мүшелері, белгілі саясаткерлер, іскерлік топ, ғылым және дипломатия өкілдері, сондай-ақ екі елдің көрнекті мәдениет және спорт қайраткерлері шақырылды. Оның ішінде Париж олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов, Паралимпиаданың екі дүркін чемпионы Давид Дегтяров, Лондон Олимпиадасының чемпионы Александр Винокуров бар.
Айта кетейік, биыл Парижде өткен олимпиада ойындарында Елдос Сметов финалда француз дзюдошысы Лука Мхидземен күресіп, олардың өнерін Эммануэль Макронның өзі келіп тамашалаған еді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

