Елдос Сметов Ташкенттегі турнирде сынға түседі
Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері Елдос Сметов Ташкентте өтетін Grand Slam турниріне қатысады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Елдос Сметовтің Instagram парақшасынан
Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов Париждегі додаға ұпайын түгендеп, жолдамаға ие болу үшін Ташкенттегі турнирде сынға түседі. Ұзақ үзілістен кейін бозкілемге қайта оралған балуан үшін бұл бәсекенің маңызы зор. Наурыздың бірі мен үші аралығында өтетін дүбірлі додада әлемнің 53 елінен, 269 дзюдошы қатысады деп жоспарланған.
Айта кетейік, Сметов кейінгі рет Парижде өткен турнирдің екінші айналымында корейлік Ли Харимнан ұтылып қалған еді.
Бұған дейін Әзірбайжан астанасы Бакуде қазақ күресінен ересектер арасында Еуропа чемпионаты өткен еді.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған

