Елдос Сметов Qazaqstan Barysy Grand Slam жарқын турнирін жеңіспен бастады
Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері Елдос Сметов Астанада өтіп жатқан соңғы лицензиялық Grand Slam турнирін жарқын жеңіспен бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Елдос Сметов Астанада өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam әлемдік жарысының алғашқы айналымынан сүрінбей өтті. 60 келіде сынға түсіп жатқан отандасымыз алғашқы айналымда португалиялық Родриго Лопеске қарсы белдесіп, “иппон” әдісімен жеңіске жетті. Енді ол марокколық Юнес Саддикиге қарсы белдеседі.
Айта кетейік, Сметов соңғы рет Ташкентте өткен Grand Slam турнирінде сынға түсіп, ширек финалда грузин балуаны Лухум Чхвимианиге есе жіберген еді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"

