Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жеке өміріме қатысты дүние": Елдос Сметов олимпиада чемпиондығы үшін алатын 117 миллионды қайда жұмсайтынын айтудан бас тартты

Париж олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов мемлекеттен алатын қомақты қаражатын қайда жұмсайтыны туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰОК

Елдос Сметов Париж олимпиадасында алтын жүлде жеңіп алғаны үшін мемлекет тарапынан және жергілікті үкімет тарапынан берілетін қаражатты қайда жұмсайтындығы туралы сұраққа жауап берді.

“Әр спортшының арманында – артынан жақсы бір мектеп ашып қалдыру деген ой болады . Қызмет жасап, жинаған тәжірибені бөліскенге не жетсін!? Әртүрлі деңгейде беріліп жатқан қаражат бар. Әр адам өзінің істеп жатқан жұмысы үшін қаражат алады. Маған берілген қаражатты қайда жаратам, қалай жаратам, не істеп жаратам бұл менің жеке өміріме қатысты дүние деп ойлаймын. Бұл менің төртжылдық еңбекақым деп есептеймін. Әр адам жалақысын алу үшін еңбектенеді және ол жалақасын қайда жұмсаса да өзі біледі” – деді дзюдо күресінен шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы.


Елдос Сметовке жаңа көлік пен 5 бөлмелі пәтер берілді

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовтың қанша гонорар алатыны белгілі болды


Айта кетейік, Елдос Сметов Париж олимпиадасында 60 келі салмақта топ жарып, дзюдо күресінен қазақтан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы және үш олимпиада жүлде алған алғашқы қазақ атанған еді.   

Талқылау