Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елдің екі аймағында өртті сөндіруге тікұшақ жұмылдырылды

тікұшақ өрт
Фото: видеодан скриншот

Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында өртті сөндіруге тікұшақтар жұмылдырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Марқакөл орман шаруашылығында орман орман өртін сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. ТЖМ мәліметінше, жалынмен күреске орман күзеті мен төтеше жағдайлардың 85-ке жуық қызметкері, 10 техника бірлігі, "Қазавиалесоохрана" қызметкерлері, сондай-ақ ТЖМ-нің "Қазавиақұтқару" АҚ-ның екі тікұшағы жұмылдырылған. Жеке құрамды жеткізу және жағдайды бақылау үшін ормандарды авиациялық қорғау аясында тартылған тікұшақ тартылған. 

Ал Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы өрт сөндіру үшін қосымша күштер тартылды. 

6 қыркүйекте оқиға орнында 91 адам, 31 жерүсті техникасы және ТЖМ-нің "Қазавиақұтқару" АҚ-ның екі тікұшағы жұмылдырылды.

“Кірме жол салынғаннан кейін өрт сөндіру және ауыр техника тікелей өрт ошағына бағытталды. Өрттің одан әрі таралуына жол бермеу үшін жану учаскесінің айналасында минералдандырылған жолақтар жасалуда. Әуе кемелері 55 рет су төкті”, – делінген хабарламада. 

Өрт оқшауланды. Жұмыстар жалғасуда. Жағдай ТЖМ бақылауында.

Назархан Уән
Жексенбі, 06 Қыркүйек, 2026 17:26