Елдегі карантин кезінде табиғатқа шығуға бола ма? Министр жауап берді
Әділет министрі Марат Бекетаев қазақстандықтарға табиғатқа демалуға бола ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Демалысты нақты қайда жоспарлап отырғаныңызды қарауыңыз керек. Әкімдіктер шектеу қойған орындар бар, бұл адамдар көп жиналатын орындар - қалалық жағажайлар, саябақтар. Әрине, онда болу заңбұзушылық болып саналады", - деді Бекетаев ОКҚ-да өткен онлайн-брифинг барысында.
Министрдің айтуынша, табиғатқа бір отбасы мүшелері шығуға рұқсат етіледі.
"Жалпы табиғатқа шығуға болады. Адамдардың көп жиналуына жол бермеу керек. Егер бірнеше отбасы бірге болса, онда бұл әлеуметтік қашықтық ережелерін бұзу. Бір отбасы жүре алады. Бұл ретте барлық ережелерді сақтау керек", - деп қорытындылады Әділет министрі.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған