Эквадордағы тәртіпсіздік барысында зардап шеккендер арасында қазақстандықтар бар ма – СІМ өкілі жауап берді
Сыртқы істер министрлігінің өкілі Айбек Смадияров Эквадорда орын алған тәртіпсіздік барысында қазақстандықтардың жоқ екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тәртіпсіздік пен адамдарды кепілге алу салдарынан қаза тапқандар арасында отандастырымыз анықталмады.
"Эквадордағы оқиғада зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ", – деді сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.
7 қаңтарда 34 жылға сотталған Фито деген атпен белгілі Лос-Чонерос қылмыстық тобының жетекшісі түрмеден қашып кеткеннен кейін Эквадорда жағдай күрт нашарлады. Соның салдарынан бірнеше түрмеде тәртіпсіздіктер орын алды. Ел билігі төтенше жағдай жариялап, коменданттық сағат орнатты.
Еске салсақ, Эквадорда картель басшысы түрмеден қашқан соң елде қарулы қақтығыс басталды.
Талқылау

Қазақстан қалаларында қоғамдық көлікпен жүру құны қанша
Талдықорғанда оқушылар мен студенттерге, сонымен қатар зейнеткерлерге жолақы тегін

"Жалғыз өзі шетелге барып келген қызға жоламаңдар": Әлеуметтік желідегі пікірлер қазақстандық арулардың наразылығын тудырды
Жігіттер: "Ол жақта не істеп келгендерін өздерінен басқа ешкім білмейді"