Экс-вице-министр Камалжан Надыров коронавирустан айықты
ҚР денсаулық сақтау министрінің орынбасары болған Камалжан Надыров індеттен сауығып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрінің орынбасары Людмила Бюрабекова мәлімдеді
«Камалжан Талғатұлы емделіп шықты. Қазір медициналық сауықтыру шараларымен қамтылды. Оның денсаулық жағдайы қанағаттанарлық деңгейде», - деді ол.
Сөзінше, соңғы тексеріс нәтижесінде экс-вице-министрден коронавирус анықталмаған.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған