Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Экс президент Атамбаев билікке өз еркімен берілді

Атамбаев Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік басқармасының бас тергеу басқармасына жеткізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

атамбаев сөз

Бұрынғы мемлекет басшысының штабы Қырғызстанда Алмазбек Атамбаевтың ұсталғанын хабарлады. 

«Ұзақ уақыт келіссөзден кейін ол берілуді жөн көрді, кейін оны Бішкекке қарай алып кетті. Оның жанында кеңесшісі Фарид Ниязов пен Кундуз Жолдубаева бар», - деді экс президент жақтастары. 

Мұның алдында оның жақтастары милицияны бұзып өтпек болған еді. Алайда бұл әрекеттері сәтсіз болды. Енді Атамбаевтың штабы экс президентті сот арқылы қорғамақ. 

«Біз экс президентті болып жатқан заңсыздықтардан қорғаймыз. Қорғаныс институты аз да болсын жұмыс істеуі керек», - деді Атамбаевтың жақтаушысы. 

Ал Атамбаевтың қорғаушысы Сергей Слесарев оны қайда алып кетіп бара жатқанын білмейтінін жеткізді. 

«Менің өзім қоршап алған аймақтан алыста жүрмін. Оны Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетіне алып кетіп бара жатқан болуы мүмкін. ІІМ-дегі уақытша ұстау изоляторына емес екені анық. Бірақ жағдайға қарап, қандай да бір болжам айту қиын», - деді Сергей Слесарев. 

Кейін Атамбаевтың Қырғызстанның ІІМ бас тергеу басқармасына жеткізілгені белгілі болды. 

Резиденцияға басып кіру кезінде жарақат алғандар саны 85-ке дейін жетті. 

Естеріңізге сала кетсек, Қырғызстанда арнайы жасақ жасауылы экс президент Алмазбек Атамбекті ұстамақ болды. Ұстау операциясы кезінде олар резеңке оқ пен өзге де арнайы құралдарды қолданғанын айтты. Нәтижесінде 48 адам әртүрлі деңгейдегі жарақат алып, бір адам көз жұмды. Енді екінші ұстау әрекеттері жүріп жатқаны белгілі болды. Милиция дыбыс шығаратын гранаталар лақтыруда. Сондай-ақ, президент ұятты жағдай болып жатқанын айтып, мәлімдеме жасаған болатын. 

Талқылау