Экс-министр Ерлан Тұрғымбаевтан қаңтар оқиғасына байланысты жауап алынды
Бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысты жауапқа тартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ерлан Тұрғымбаевтан Бас прокуратураның Ведомствоаралық жедел-тергеу тобы тергеп жатқан қылмыстық іс бойынша куәгер ретінде жауап алынған.
Тергеу мүддесіне орай басқа ақпарат жария етілмейді.
Еске сала кетсек, 2022 жылдың қаңтарындағы еліміздегі жаппай наразылықтан кейін 25 ақпанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ерлан Тұрғымбаев ҚР Ішкі істер министрі қызметінен босатылған болатын.
17 тамызда ол Қазақстан Президентінің кеңесшісі қызметінен босатылды. Ол бұл қызметке осы жылдың ақпан айында тағайындалған болатын.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан