Екпеге қарсы азаматтар Нұр-Сұлтан қаласында митингке шықты
Нұр-Сұлтандағы Нұржол бульварында тіркелмеген El Tiregi партиясының өкілдері жиналды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Спутник Қазақстан-ға сілтеме жасап.
Митингке келген адамдар міндетті вакцинацияға қарсы екендіктерін айтты.
"Біздің балалардан қолдарыңды тартыңдар!", "Үкімет отставкаға кетсін", – деп айқайлады жиналғандар.
Наразылық білдірушілерді полиция қызметкерлері қоршап алды, сондай-ақ қауіпсіздік күштерінің автобустары тұрды.
Митингке Нұржан Әлтаев бастап шықты. Ол тәртіп сақшысына әкімдікке митинг өткізу туралы хабарлама жіберілгенін, бірақ жауап келмегенін түсіндірді.
Жиналыс болған жерде Нұр-Сұлтан қаласының полиция өкілі әкімдікке хабарлама келмегендіктен партияның шеруін заңсыз деп мәлімдеді.
Шеруге шығушылар "Бәйтерек" бағытына қарай жүрді. Кейіннен Нұржан Әлтаевтан басқа митингке қатысушылардың барлығы дерлік ұсталды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”