"Екіжүзділіктен аулақ болайық": Мақсат Базарбаев ауызашарды тойға айналдырған әртістерді сынға алды
Көптен бері көрінбей кеткен Мақсат Базарбаев ауызашарды тойға айналдырып, рия жасап жүрген әртістерді сынға алды. Әнші жылдың бір айында ғана "тақуа болып көрінгісі келетін" әріптестерін екіжүзділіктен аулақ болуға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бір ай тақуа болып көрінбей-ақ қояйықшы, өтініш. Шынайы адам олай жасамайды. Қаншама бауырымыз тамақтарын таба алмай, сәресіге ішетін ас таппай отыр. Айтқым келгені, екіжүзділіктен аулақ болайық, ақыретімізді ойлайық.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын ИншаАлла. Көз сүзіп отқан дұшпанның ойы аспасын. Қазақстаным әлі-ақ бай болады бұйыртса", – деп жазба қалдырды өнер иесі Instagram-да.