Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екінші рет анестезия жасап, қателескен: Алматы ПД басшысының ұлы Нұрсұлтан Күдебаевтың өліміне қатысты мәліметтер пайда болды

Алматы полиция департаменті  басшысының ұлы Нұрсұлтан Күдебаев жол апатынан емес, қазақстандық дәрігерлер жіберген қателіктен көз жұмған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі  Telegram желісіндегі "НЕХабар" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Сурет: ВКонтакте/Нұрсұлтан Күдебаев

БАҚ-та Нұрсұлтан Күдебаевтың Алматыда квадрациклмен ЖКО-ға ұшырап, 27 тамызда Германияда қайтыс болғаны жайлы ақпарат тарады. Күдебаевтар әулетінің айтуынша, оның өліміне отандық дәрігерлер жауапты. 

Қазақстандық мамандарға сенім артқан жанұя Нұрсұлтан Күдебаевтың жазылып кететіне үміттенген. Алайда, үш баланың әкесі ота кезінде жіберілген қателіктен қайтыс болды.

Дәрігерлер Нұрсұлтан Күдебаевтың ЖКО-ның кесірінен сынған бұғанасына ота жасайды. Ота кезінде анестезия әсер етпей, Күдебаев оянып кетеді. Сасып қалған мамандар осы кезде екінші рет анестезия берген. Нұрсұлтан Күдебаевтың жүрегі мұны көтере алмай, тоқтап қалған. Дегенмен дәрігерлер азаматтың есін жиғызып, тірілтіп алды. Қазақстандық мамандар көмектесе алмаған соң, Германия дәрігерлері Күдебаевтың өміріне араша түсіп, қайтадан ота жасады. Бірақ қазақстандық әріптестері жіберген қателіктің кесірінен Күдебаевты өлімнен аман алып қалу олардың қолынан келмеді.
 

Талқылау