Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екібастұздағы жеті жасар қыздың өлімінен кейін ауыл әкіміне шара қолданылмақ

Павлодар облысында партиялық бақылау комиссиясының мүшелері және AMANAT партиясының облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесі партияның Екібастұз қалалық филиалына Қоянды ауылдық округінің экс-әкімі Абай Хакимовты партия қатарынан шығаруды ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

қыз іздеу

Олар ауылда жеті жасар қызды анасы өлтірген жағдайдан кейін осылай шешкен.

Комиссия төрағасы Олег Костенконың айтуынша, ауылдық округтің бұрынғы басшысы Бесқауғадағы отбасыға тиісті бақылауды қамтамасыз етпей, өз міндеттерін тиісінше орындамаған. 

"Жергілікті атқарушы органның өкілі ретінде ол тәуекел тобындағы отбасын ерекше бақылауда ұстауға міндетті еді. Біз сонда болдық, үйде антисанитария. Бөлімшеде осындай жеті үй бар", – деді партия облыстық филиалының атқарушы хатшысы Айгүл Мәлікова.

Партия мүшелері өздерінің қызметтік міндеттерін орындамаған және осындай қайғылы жағдайға жол берген барлық шенеуніктер жауапкершілікке тартылуы керек деп санайды.

Облыс әкімі Асаин Байхановтың тапсырмасы бойынша Қоянды ауылдық округінің әкімі, Екібастұздың әлеуметтік қорғау бөлімінің басшысы қызметінен босатылды. Сонымен қатар Екібастұз әкімінің шешімімен Шідерті әкімі орнын босатты. Сондай-ақ полицейлерге қатысты шаралар қабылданады.

17 қарашада Қоянды ауылдық округінің Бесқау ауылынан жеті жасар Милана Давыдованың жоғалып кеткені туралы ақпарат таралған еді.

Кейінірек полиция 7 жасар қызды өлтірді деген күдіктілердің жеке басын анықтады. Баланы өлтірді деген күдікпен құқық қорғау органдары анасы мен оның танысын ұстады.

Талқылау