Екібастұзда сауда және ойын-сауық орталығының аспалы төбесі опырылып түсті (видео)
Екібастұздағы “Maxi Mall” сауда және ойын-сауық орталығында үшінші қабаттағы аспалы төбе опырылып түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
“Екібастұзда М.Әуезов көшесі бойындағы сауда үйлерінің бірінде 150 шаршы метр алаңда аспалы төбе опырылып түсті”, – делінген хабарламада.
Қазір оқиға орнында шұғыл қызметтер жұмыс істеп жатыр. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.
Орталықтағы төтенше жағдайды Екібастұр әкімдігі растады.
“16 ақпан күні сағат 18:05-те "Maxi Mall" сауда ойын-сауық орталығының төрт қабатты ғимаратының 3-қабатындағы гипсокартон төбесі опырылып түсті”, – деп мәлімдеді әкімдік.
Қапшағайда гидроскутер "үрлемелі диванға" соқтығысты: Әйелдің қуығы жырылып, қыз есін жоғалтқан
15 жастағы қыздың жамбас сүйектері бірнеше жерден сынып, жадынан айырылған
Әріптесінің хабарламасы алматылықты тротуарға құлаған бетон плитадан құтқарып қалды
Оқиға кезінде ол әріптесінің хабарламасына жауап беру үшін бір сәтке тоқтап үлгерген